Қазақстандағы ең үлкен пазл рекордтар кітабына енгізілді
Қазақстанның картасы бейнеленген алып пазл елдің рекордтар кітабына енді.
Мың түрлі бөлшектен жиналған пазлды отандық KMF микроқаржылық компаниясының 500 қызметкері құрастырды.
Іс-шараға Қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы қатысып, жетістікті тіркеді. KMF микроқаржы ұйымының қызметкерлері пазлды жинауға тыңғылықты дайындалған. Әр пазлда компанияның 17 бөлімі, 120 филиалы мен кәсіп түрлері бейнеленген.
Қанат Мұқаев, «KMF» МҚҰ» өңірлік желіні дамыту басқармасының менеджері:
- Бұл картада біздің филиалдарымыздың философиясы, кәсіпкерлеріміздің бизнестері көрсетіледі. Осы арқылы біз кәсіпкерлердің, отандық кәсіпке деген үлесін, экономиканы дамытуға деген үлесін көрсетпекшіміз және жақында Конституция күні аталып өтті. Осылайша, біз сол күнге де өзіміздің құрметімізді білдіреміз.
KMF компаниясының қызметерлері бірігіп, үлкен пазлды 1 сағатта құрастырды. Суреттің ұзындығы 16, ені 10 метр болды. Бөлшектер жылдам жиналу үшін дрон қолданылып, бейнеге түсірілді.
Бақытжан Тастүлеков, Қазақстан рекордтар кітабының Рекордтарды тіркеу департаментінің директоры:
- Біздің Қазақстан рекордтар кітабының кезекті шығарылымына орналастырылады. Ол жаңа кітап біздің Қазақстанның Тәуелсіздік алған күніне орай баспадан шығады деп ойлап отырмыз. Сол кітаптың бетінен осы рекордты көре аласыздар.
«Пазл жинаудың өзіндік мәні бар», – дейді KMF компаниясының басшылары. Микроқаржылық ұйым Ата Заңды құрметтеп, ел экономиканысының дамуына өзіндік үлес қосуды ізгі ниет етеді.
Авторлары: А. Садуақас, С. Жұмабаев.