426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылы зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін алуға болады – Қ.Тоқаев

  • 177
  • UPD: 17:36, 01.09.2020

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдау барысында қазақстандықтардың 2021 жылы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін алып, пайдалануына рұқсат берілетінін мәлімдеді.

«Ұлттық Банкке азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін беру туралы тапсырма берілгені туралы білесіздер. 2021 жылы 700 мың азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін алуына рұқсат беріледі. Қазақстандықтардың бұл қаражатты емделуге, оқуға және ұлттық компаниялардың басқаруына беруіне болады», – деді Президент.

Қазақстан Президентінің жолдауы

Өзге тақырыптар бойынша:

Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады.

Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын айтты.

Сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек. Мемлекет басшысы жолдау кезінде осылай деп мәлімдеді.

Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 процентке көтерілетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы