426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда Даму институты құрылады

  • 84
  • UPD: 12:36, 01.09.2020
Қазақстанда Даму институты құрылады

«Бәйтерек» және «КазАгро» холдингтері біріктіріледі.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлімдеді.

«Квазимемкеттік секторда әкімшілік-басқару жұмысымен айналысатын қызметкерлердің санын, пайдасыз шығындарды және басы артық еншілес компанияларды қысқарту жұмыстары жалғасын табуы тиіс. «Бәйтерек» және «КазАгро» холдингтерінің рөліне арнайы тоқталғым келеді. Бұл компаниялар индустрияландыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін елеулі үлес қосып, бұрын бір-бірімен байланыссыз болған қаржы институттарын ретке келтірді. Ал қазір мүлде басқа жағдайда тұрмыз. Институционалдық құрылым өзгерту уақыт талабы. Сондықтан осы екі ұйымды біріктіріп, қаржылық мүмкіндіктері анағұрлым зор Даму институтын құрған жөн», - деді.

Қазақстан Президентінің жолдауы

Өзге тақырыптар бойынша:

Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады.

Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын айтты.

Сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек. Мемлекет басшысы жолдау кезінде осылай деп мәлімдеді.

Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 процентке көтерілетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы