420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінеді

  • 144
  • UPD: 14:50, 01.09.2020
«Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінеді gazeta.ru

«Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын.

Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты.

Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді.

Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Президент.

 

Қазақстан Президентінің жолдауы

Өзге тақырыптар бойынша:

Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады.

Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын айтты.

Сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек. Мемлекет басшысы жолдау кезінде осылай деп мәлімдеді.

Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 процентке көтерілетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы