428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлердің жалақысы орташа жалақыдан 2 есе артық болады

  • 128
  • UPD: 14:53, 01.09.2020
Дәрігерлердің жалақысы орташа жалақыдан 2 есе артық болады liter.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

«2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», - деді Мемлекет басшысы.

 

Өзге тақырыптар бойынша:

Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады.

Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын айтты.

Сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек. Мемлекет басшысы жолдау кезінде осылай деп мәлімдеді.

Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 процентке көтерілетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы