420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент бірыңғай білім беру платформасын әзірлеуді тапсырды

  • 141
  • UPD: 12:41, 01.09.2020
Президент бірыңғай білім беру платформасын әзірлеуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев толыққанды оқу үдерісі үшін барлық қажетті функциясы бар бірыңғай білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды.

«Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнынын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні Whatsapp-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бірыңғай білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Дегенмен сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек екенін айтып өтті.

«Сондықтан санитарлық нормаларды сақтай отырып білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәртібіне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

 

Қазақстан Президентінің жолдауы

Өзге тақырыптар бойынша:

Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады.

Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын айтты.

Сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек. Мемлекет басшысы жолдау кезінде осылай деп мәлімдеді.

Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 процентке көтерілетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы