Елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылады.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты.
«Ішкі істер министрлігінің құрылымын қайта қарастыру керек. Аталған ведомстованы басы артық міндеттерден арылтып, жұмыс сапасын арттыруға болады. Бүгінгідей табиғи және техногендік апаттардан төнер қауіп жоғары кезеңде мұндай министрліктің құрылуы маңызды», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.
Еске сала кетейік, 2014 жылы аталмыш ведомство жойылып, өкілеті Ішкі істер министрлігіне өткен еді.
Қазақстан Президентінің жолдауы
Өзге тақырыптар бойынша:
Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады.
Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын айтты.
Сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі.
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.
Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.