426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аз қамтамасыз етілген оқушылар техника мен сапалы интернетке қол жеткізеді

  • 82
  • UPD: 15:03, 01.09.2020
Аз қамтамасыз етілген оқушылар техника мен сапалы интернетке қол жеткізеді city04.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалар компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі керек. Осы жылдың соңына дейін тұрғындарының саны 250-ден көп ауылдық жерлерге интернет қосылады.

Халқымыз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауда қандай мәселелерге тап болатынын көріп жүргенімізді атап өтіп, қағазбастылықтан арылуды және цифрландыруды тапсырды. Бұл тұста Президент «Адамдар емес, қағаздар «жүгіруі» керектігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы