420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастарымыз гастербайтерге күлетін жағдайға жетті – Президент

  • 337
  • UPD: 12:47, 02.09.2020
Жастарымыз гастербайтерге күлетін жағдайға жетті – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауы барысында өскелең ұрпақтың еңбекке деген көзқарасына жеке тоқталды.

«Біздің еңбек ету ұғымының құндылықтарына көзқарасымызды өзгертуге, жастарды еңбекті ақшасы көп немесе қара жұмыс деп бөліп жармастан бағалауға үйретуімізге тура келеді.

Өкінішке орай, жастар аяқ астынан байып шыға келгісі келеді, осыдан барып, олардың лотереяға, букмекерлік агенттіктерде ұтыс тігуге әуестігі пайда болған. Мұның ақыры гастербайтерлер туралы бейберекет анекдоттардың туындап, олардың еңбегін кемсітуге алып келді.

Осы бір мазасыз өткен айларда еңбектің мәнісінің ешбір өзгермейтініне көз жеткіздік.

Себебі кіші буын медициналық персонал, коммуналдық қызмет жұмыскерлері, қызмет көрсету саласының жұмыскерлері зор еңбек атқарып шықты. Бұл нағыз қайсарлыққа толы еңбек болды. Мұндай еңбек еткен адамдар мемлекет назарынан тыс қалмайды».

Хабар 24 телеарнасы