420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шикізаттан күдер үзіп, өңдеу өнеркәсібін өрге бастыруға көңіл бөлінеді

  • 92
  • UPD: 14:30, 01.09.2020

Бұл дағдарыстан шығу үшін кемінде 5 жыл уақыт керек. Сақа сарапшылар осылай деп жатыр. Бірақ қарекет қылмасаң суға кеткен тал қармайдының кебін киесің. Президент елді тығырықтан алып шығу үшін алдымен өңдеу өнеркәсібін дамыту керек деді. Алдағы уақытта осы салаға жіті мән беріледі. Билік бизнес өкілдеріне қалай қарайласпақ?

Бұл індет жолындағысын түгел жапырып жатыр. Діңі мықты дегенді де сұлатып тастады. Талай сала тұралап қалды. Әлем алпауыттары да жақын күндері ес жия алмайтын шығар. Сақа сарапшылар қазіргі дағдарыстан шығу үшін кемі 5 жыл керек дейді. Қаржы қыспағынан құтылу да оңай емес. Ол үшін қарекет қылу керек. Шикізаттан күдер үзетін кез жетті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Бізді қазір мұнай құтқармайды. Президенттің сөзінен ұққанымыз осы. Енді қайтпек керек?! Ауыл шаруашылығын дамытсақ, көштен қалмаймыз. Ол үшін агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірлеу керек. Мемлеккет басшысы осыны тапсырды. Ортадағы делдалды құртса, шауалардың табысқа шаш етектен кенелер еді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берілгені жөн. Қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс. 

Қауіпті кесел шағын және орта бизнесті шідерлеп тастады. Бұл –анық. Кезінде банктен несие алып, кәсіп ашқан олардың қазір опық жеп отқанын билік біледі. Сондықтан Президент банкке берешегі бар кәсіпкерлерге көмек көрсетру керектігін айтты. Енді мемлекет субсидия бөледі. Бұл тынысы тарылған іскерлердің құлашын қайта жазу үшін қажет болып тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Ұлттық банк зардап шеккен секторларда шағын және орта бизнес үшін айналымдағы қаржыны толықтыру бойынша арнайы бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұдан бұрын оның іске асыру биыл аяқталады деп ескерілген еді. Қазіргі дағдарыстық жағдайда аталған бағдарламаның күшін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға қосымша 200 млрд теңгені қарастыру керек. Осы орайда бағдарламаның жалпы көлемі 800 млрд теңгеге дейін жеткізіледі. 

Шағын және орта бизнес өкілдерінің қызметін жөнсіз тексергендер мемлекетке қатер төндіргенмен бірдей. Президент кәсіпкерлерге себепсіз шүйлігетін шенділерге соңғы ескерту жасады. Қазіргідей қиын-қыстау кезде бизнес ғана мемлекетті тырықтан алып шығады.

Автор: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы