420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызметте тек білікті маман қалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту керек – Сарапшы

  • 66
  • UPD: 17:06, 01.09.2020

Президенттің еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің санын 25 процентке қысқарту жөнінде тапсырма бергені аян. Осы тұста кадр іріктеу мәселесінің маңызы арта түседі.

Саясаттанушы Ерлан Саиров қызметте тек білікті мамандар қалу үшін қоғамдық бақылауды күшейту керек деп есептейді.

Айта кетейік, бұл тақырып та Мемлекет басшысының бүгінгі жолдауында айтылды. 

Ерлан Саиров, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы: 

- Бұл жерде екі аспектіні айтуға болады. Біріншіден, мемлекеттің өзіне қажетті емес функцияларының баршасын азаматтық қоғамға, бизнеске беру. Екіншіден, мемлекеттік қызметте істеп жүрген азаматтардың әлеуметтік стандарттарын өсіру. Мемлекеттік қызмет пен қоғам арасында тығыз байланыс болуы қажет. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің біліктілік мәселесі тек басшылардың емес, қоғамның да назарында болу керек.

Хабар 24 телеарнасы