421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кооператив құру мал шаруашылығына қарқын береді – А.Күрішбаев

  • 69
  • UPD: 17:14, 01.09.2020

Қосалқы шаруашылықты дамытып, кооператив құру - құптарлық іс. Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев мұндай шара ауыл шаруашылығын дамытуға қарқын бермек дейді.

Бүгінгі таңда мал шаруашылығының 70 проценті қосалқы шаруашылықтың иелігінде. Алайда жайылым жері бойынша әлемде 5-орында тұрған Қазақстан, өкінішке орай, сол жерлерді мал шаруашылығын дамытуға жарата алмай отыр.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

- Соған байланысты егерде сол малды жинап, кооперация құрып, жайылымдар мен шабындық жерлерді беретін болса, біздің малдың, еттің, сүттің көлемі 30 пайызға өседі. Бұл мемлекеттің биологиялық активі, біз оны қолға алуымыз керек. Егер де бұл мәселе шешілетін болса, онда ауылдың экологиялық мәселесі шешіледі. Бұл ауылға деген экономикалық дамудың бірінші қарқыны деуге болады. Сондықтан біз осы мәселені қолға алуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы