Президент жолдауында мән берілген бағыттың бірі - көлеңкелі экономика.
Қасым-Жомарт Тоқаев оның қауіп-қатеріне және сыбайлас жемқорлыққа әкеп отырғанына баса назар аударды. Осыған орай құқық қорғаушы органдарға көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуді тапсырды.
Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаевтың айтуынша, егер бұл жұмыс жолға қойылса, ашықтық арқылы ел экономикасының шынайы даму үрдісін көруге болады.