421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бір ғана мектеп дәстүрлі режимде жұмыс істейді

  • 224
  • UPD: 16:46, 01.09.2020
Алматыда бір ғана мектеп дәстүрлі режимде жұмыс істейді

Алматыдағы №197-інші мектеп білім күнін дәстүрлі сынып сағатымен бастады.

Медеу ауданына қарасты Сұлусай елдімекенінде орналасқан бұл білім ошағы қаладағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін жалғыз мектеп. Бала саны аз болғандықтан білім басқармасы мен қалалық бас санитар дәрігер балалардың мектепке келіп оқуына рұқсат берген. 9 жылдық мектепте екі ауысымда 63 бала оқиды. Әр сыныптағы бала саны 6-дан аспайды. Мектепте барлық санитарлық талап сақталған. Ал ұстаздар саны – 19.

ТҰНЫҚ САРЫБАЕВА, АЛМАТЫ Қ. №197 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Барлық сыныпта антисептиктеріміз және кварцтық лампаларымыз толықтай қамтамасыз етілді және әрбір қоңырауға шыққан уақытта әр сынып әр уақытта шығады. Оқышыларымыз таңертең келген кезде олардың дене қызуын тексеретін 2 поликлиникадан бөлінген медсестрамыз бар.

РЫСКҮЛ АКИМОВА, АТА-АНА:

– Менің немерем осы мектептің 2 сыныбында, қазақ сыныбында оқиды. Биыл біздің мектебіміз дәстүрлі сабақ өтуді бастап отыр. Біз ата-ана ретінде өте қуаныштымыз. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Біз оқу жылының осылай басталғанына өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы