424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Өскелең ұрпақтың дамуына жағдай жасалуы тиіс

  • 74
  • UPD: 18:46, 01.09.2020

Қаржы жетіспеушілігі белең алған заманда спорттық клубтарды мемлекет есебінен қаржыландыруды доғару қажет.

Квазимемлекеттік компаниялар арқылы бөлінетін миллиардтаған қаржы жөн-жосықсыз жұмсалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халыққа жолдауында Мемлекет басшысы енді мұндайға жол берілмейтінін айтты. Есесіне, бұқаралық спортты дамытуға бет бұрған абзал. Әсіресе бүлдіршіндердің дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасау қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

– Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорттық секциялар ашылуы тиіс. Жас ұрпақтың қолөнер және шығармашылығын дамыту мақсатында балалар үйірмесінің жұмысын жандандыру керек. Қауіп-қатері мол заманда балалардың күш-жігері мен зейінін дұрыс арнаға бұрған аса маңызды. Өйткені мемлекет болашағы солардың қолында.

Хабар 24 телеарнасы