429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рауан Кенжеханұлы: Жолдау – отандық кәсіпкерлікті қолдаудың айқын дәлелі

  • 133

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің дамуына үлкен мән берудің маңыздылығын Жолдауда ерекше атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының пікірінше, бұл отандық кәсіпкерлікті қолдаудың айқын дәлелі.

Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

– Кәсіпкерлерді ынталандыру өте дұрыс. Жалпы бизнестегі әділетті бәсекелестікті қағида ретінде кәсіпкерлердің жаңа буынына жол ашу ниеті өте дұрыс. Біз оны қолдауымыз керек. Ақпараттандыру саласына байланысты біраз нүкте қойылды. Соның ішінде жаңа бастамаларды қолдау ғана емес, дамыған жүйелерді экспортқа шығару дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы