420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есенғали Раушанов: Жемқорлыққа тосқауыл қою – үлкен өзгерістің бастауы

  • 87
  • UPD: 20:10, 01.09.2020

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою ұлтты сапалық тұрғыда өзгертеді.

Ел президентінің Жолдауында жең ұшынан жалғасудың тамырына балта шабу туралы айтқаны – үлкен өзгерістің бастауы дейді ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов. Зиялы қауым өкілі экономикаға, елдің өрлеуіне кері әсер ететін сыбайлас жемқорлықтың белең алып кеткеніне алаңдаулы. Бұл әрекет ұлтты орға жығады дейді ақын.

Есенғали Раушанов, ақын, ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойсаңыз, ұлтыңыз өзгереді. Ең басты әңгіме сонда. Бәлкім бүгін айта салып, ертең ештеңе өзгеріп кете қоймас. Бірақ қазақта бір сөз бар. «Тамшы тас жарады» дейді. Менің қуанатыным, ұлттың сапалық тұрғыда өзгеруі.

Хабар 24 телеарнасы