Дегенмен бұл бастамаларға ұқыптылық әрі тиянақтылық қажет дейді.
Әсіресе, қауіпсіздікке келгенде жауаптылар ағаттық жібермеуі тиіс.
Максим Рожин, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
– Әлеуметтік желінің өзі онлайн петиция жасауға болады дегенді айтуы мүмкін. Бірақ фейсбукті алсақ, фейк пен боттарға толы. Сондықтан бұл жерде қауіптілік жоғары. Менің ойымша, азаматтардың ойы – қауіпсіздік. Екіншісі, қоғамдық институтқа айналуы үшін көп жұмыс атқарылуы керек және ол ведомствоаралық жұмыс болуы керек.