426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Теңгеге сенім қаржы-несие саясатының дамуына жол ашады  

  • 113
  • UPD: 23:23, 01.09.2020

Теңгеге деген сенімнің артуы Қазақстанның қаржы-несие саясатының жаңа сипатта дамуына жол ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар валюта нарығын реттеуді әлсірету, спекуляцияны болдырмау мен өтімділікті арттыру. Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлевтің пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен осы шаралар ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге қауқарлы.

Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

– Қаржы-несие саясатының жаңа сипатта дамуы – бұл теңгенің құндылықтарына деген сенім. Яғни ол валюта бағамының күрт өзгере бермейтінін білдіреді. Президент ең алдымен осы қаржылық-несие саясатын өзгертуге баса назар аударып отыр. Яғни жауапсыз несие беруді тоқтату керек. Халыққа несие өнімдерін негізсіз беруге болмайды. Бұл әлеуметтік жағынан да, экономикалық тұрғыдан да қауіпті. Мүмкін оның процентін төмендетіп, санын азайту керек шығар.

Хабар 24 телеарнасы