421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарау керек

  • 100
  • UPD: 23:33, 01.09.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлердің санын 25 процентке дейін қысқарту керектігін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шешім – уақыт талабы дейді саясаттанушы Расұл Жұмалы. Қазіргі күрделі кезеңде санға емес, сапаға мән беру керек. Саясаттанушының пікірінше, мемлекеттік компаниялардың жауапкершілігін арттыратын уақыт келді.

Расұл Жұмалы, саясаттанушы:

– Бір ғана мысал келтіре кетейін, Жапония елінде халқының саны 120 млн, әлемдегі үшінші экономика саналатын бұл жердегі мемлекеттік қызметкерлердің саны – 6 мың. Қазақстанда 18 млн халыққа мемлекеттік қызметкерлердің саны – кем дегенде 120 мың. Квазимемлекеттік секторды санамағанда, ұлттық банкілерді санамағанда. Саны аз бола тұра, өте ұтымды жұмыс атқаруға болады. Осы жолдауға үлкен дайындықпен келген, елдегі шынайы ахуалды зерттеп, қарап, қоғамның сұраныстары, талаптары қандай тұрғысынан, наразылығының дені қандай және бұдан шешімдер шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы