428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Жолдауда экология мен биоалуандылықты қорғау туралы не айтты?

  • 131
Президент Жолдауда экология мен биоалуандылықты қорғау туралы не айтты?

Мемлекет басшысы Жолдауында экологиялық мәселелерге тоқталып, түйткілдерді шешуді тапсырды.

Солардың бірқатары:

  1. Парламент жаңа Экологиялық кодексті жыл соңына дейін қабылдауы керек.
  2. Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыруға кірісуі тиіс.
  3. Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың ұзақ мерзімді жоспарларын бекіту.
  4. Алдағы бес жылдың ішінде орманды алқапта 2 млрд. және елді-мекендерде 15 млн. түп ағаш отырғызылады.
  5. Ұлттық парктерді заңдық тұрғыда қорғау, бұл салада құқықбұзушылық жасаған азаматтарға әкімшілік қудалауды қатаңдату.
  6. Өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне лайықты көңіл бөлу.
  7. «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұру.
  8. Экологиялық туризмді белсенді дамыту.
  9. «Жасыл өсім» бойынша ұсыныстар пакетін әзірлеу.
  10. «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу.
  11. Балық саласы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
  12. Суару жүйесінің ескірген технологиялық жүйелері елеулі кедергі болып отыр. Су шығыны 40% жетеді.
Хабар 24 телеарнасы