420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ли Ян Гу: Қ.Тоқаевтың жолдауында пандемия кезінде не істелуі керек деген сұраққа жауап бар

  • 117
  • UPD: 08:11, 03.09.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы қазіргі пандемия кезінде, яғни үрей заманында не істелгені дұрыс деп келетін сұраққа жауап дейді оңтүстіккореялық консалтинг компаниясының басшысы, Қазақстанда жұмыс істеген дипломат Ли Ян Гу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәрібір экономикаға серпін, адами ресурстарды дамытуға тәуекел қажет. Жасыл экономикаға және цифрландыруға назар аудару Оңтүстік Кореяның негізгі даму бағыттары болып табылады. Қазақстан да сол жолды таңдап отыр дейді Ли Ян Гу. Жолдауда аппаратты қысқарып, шағын және орта бизнес рөліне жете мән берілгенін тілге тиек етіп, дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұнай дәуірінің аяқталуы туралы айтқан сөздерін маңызды деп атады. Бизнесмен Ли Қазақстанның жедел дамуының драйвері жаңа астана салумен бірдей жаңа жаһандық жоба бола алады деп санайды.

Ли Ян Гу, консалтинг компаниясының басшысы:

– Президент биоиндустрия, аграөнеркәсіптік кешен мен экология саласының дамуын көрсеткісі келеді. Сондықтан барлық элементті бірге пайдалану керек. Мысалы, екінші ақылды қала. Оны Алматыда немесе Алматы төңірегінде жүзеге асыру қажет. Ол үшін барлық озық технологияны жұмылдыру керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы