421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерлі-зайыптылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемде тоғызыншы орында

  • 143
Ерлі-зайыптылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемде тоғызыншы орында

Яғни еліміздегі әрбір үшінші жұп жарасымды өмір сүріп кете алмайды екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолдауда айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасы осы жас отбасылардың шаңырағын шайқалтпай сақтап қалуына ықпал етеді. Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймәдиева осындай пікірде. Ұйым жетекшісі жас жұбайлардың айырылысуына тұрмыстық жағдайлармен қатар баланың болмауы да әсер етеді дейді. Медициналық көмекке мұқтаж жанұяларға квота берілсе, шаттыққа кенелген жандардың қатары көбейе түсетініне сенімді.

Несіпжамал Баймәдиева, облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:

– Президенттің «Аңсаған сәби» жобасы жастар үшін бала сүйе алмай жүрген жастар үшін сүйінші хабар деп есептеймін. 7 мың квота бөлініп отыр. Бұл материалдық жағдайы төмен отбасы үшін өте қажет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы