426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ата-аналар кез келген балабақша мен мектепті өздері таңдай алады

  • 119
  • UPD: 14:18, 03.09.2020
Ата-аналар кез келген балабақша мен мектепті өздері таңдай алады primeminister.kz/

2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балалар жеке инвестицияларды тарту есебінен мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз етіледі.

Вице-премьер Е.Тоғжанов атап өткендей, ата-аналар кез келген балабақша мен мектепті өздері таңдай алады, оларды таңдауда шектеулер болмайды.

«Мектептерді «дарынды» немесе «қарапайым» балаларға арналған деп бөлмей, барлық мектепке ерекше көңіл бөлінеді. Үкімет тең жағдай жасау үшін кешенді шаралар қабылдайды. Бұл білім сапасындағы алшақтықты болдырмау үшін өте маңызды», – деді ол.

Онлайн білім беру платформалары үшін функционалдық мүмкіндіктерді жақсарту және бірыңғай талаптарды айқындау мәселесі пысықталады.

«Қазір білім уақыты. Күн сайын жаңа білім пайда болады. Біз жаңа білімді тез игеріп қана қоймай, оларды қалыптастыруды үйренуіміз керек. Бұл біздің ұлтымыздың қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін анықтайды. Сондықтан біздің басты міндетіміз – қазақстандықтарды өмір бойы оқытуға негіз қалау, жаңа шындыққа бейімделуге қабілетті болу», – деп атап өтті Е. Тоғжанов.

Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына жолдауының толық мәтіні

Хабар 24 телеарнасы