426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саналы әрі сапалы құқықтық реформа қажет – маман пікірі

  • 97
  • UPD: 16:18, 03.09.2020

Елімізде саналы әрі сапалы құқықтық реформа жүргізу керек. Әсіресе, сот жүйесі мен прокуратура қызметінде адамның құқы ескерілмейтін жағдайлар бар.

Заңды қорғайтын, әділдікті қадағалайтын, тергеу амалдарының талапқа сай жүргізілуін тексеретін комиссия құрылу керек. Президенттің жолдауында осы мәселе нақты айтылды. Енді соны іске асыру керек дейді құқық қорғаушы Айман Омарова.

Айман Омарова, құқық қорғаушы:

– Мысалы, кейбір судьялардың білімсіздігін көріп таңқаласың, қалай ол судья болып кетті деген оймен. Сол үшін бұл жерде ашық болу керек. Мына кісі сот болғысы келіп жатыр. Қалай ойлайсыздар? Неге мына кісіні алдық, ал мына кісіні алған жоқпыз деп таңдаған кезде ол ашық болу керек. Прокуратураны қадағалауды басқаша жасау керек дейді. Құқық орғандарын айтып жатыр. Бір жақты болмау керек дейді. Соттаған кезде де біржақты болып соттап, адамға проблема тудырмау керек.

Хабар 24 телеарнасы