420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: МӘМС қоры халықпен кері байланыс орнатуы тиіс

  • 133
  • UPD: 19:12, 04.09.2020

Әр қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына түсіп жатқан қаржы жинағы қалай жаратылып жатқанын білуге құқылы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өз кезегінде қор қаражатына жемқорлардың қол сұғуын болдырмайды. Президент жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау кезінде Үкімет осыны ескеру керек. Ақтаулық заңгер Жібек Ахметова осылай дейді. Белсенді әйел қоғамдық бірлестікті басқарады. Өңірде он жылдай уақыт үкіметтік емес сектордың дамуына атсалысып жүр. Айтуынша, ол міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс беруші ретінде әр қызметкері үшін ай сайын 2 процент көлемінде, өз жалақысының 1 процентін жарна аударады. Өкінішке қарай, арада кері байланыс жоқ. Қор тарапынан нақты қандай көмек берілетінін халық білуі керек. Бұл үшін ғаламторда өтініш не шағым жолдауға болатын онлайн-алаң болғаны дұрыс дейді қоғам белсендісі.

Жібек Ахметова, облыстық «Азаматтық альянс» ЗТБ президенті:

– Коронавирус ауруымен ауырған кезде қанша адам осы қызметті алды, қаражат қанша ауырған азаматтарға бөлінді. Емханаларға, дәрі-дәрмекке қанша бөлінді. Одан ешқандай ақпарат алған жоқпыз. Сол құпия болып кете берді. Мәселені шешудің бірнеше жолы бар деп айта аламын. Бәріміздің қолымызда смартфон бар. Ойлаймын, мобильді қосымша ретінде ме немесе әлеуметтік желілерде аккаунттар ашып, қызметін ашық көрсетіп, ашық ақпарат берулері керек. Қанша қаржы жиналды қорға, қай жаққа жұмсалып жатқаны туралы ақпарат әр азаматқа қолжетімді болуға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы