421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас прокуратура пилоттық жобаны жүзеге асыруда

  • 72
  • UPD: 12:31, 08.09.2020
Бас прокуратура пилоттық жобаны жүзеге асыруда

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Павлодар облысына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы негізгі шешімдерді келісу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Бұл жоба Президенттің Жолдауында айтылған азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін шешімдерді 2021 жылдан бастап прокурорлармен келісу туралы тапсырманы орындау аясында енгізілуде.

Жоба барысында келісу электронды форматта жүргізіледі. Бұл құқық бұзушылықтардың жолын кесуді қамтамасыз етеді және жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді.

Қазіргі уақытта мұндай механизм Павлодар облысы мен ШҚО-да сынақтан өткізілуде. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап оған еліміздің барлық өңірі қосылады.

Осыған байланысты аумақтық прокуратура басшыларына заңдылықты бұзудың жолын кесу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде толық шаралар қабылдау туралы міндет қойылды.

Сонымен қатар сапар аясында Бас прокурор облыс әкімі және өңірдің құқық қорғау органдарының басшылық құрамының қатысуымен қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Хабар 24 телеарнасы