426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет жалпыұлттық жоспардың жобасын бекітті

  • 66
  • UPD: 15:08, 09.09.2020

Президенттің 1 қыркүйектегі жолдауына сәйкес жаңа жағдайда экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін Үкімет бүгін жалпыұлттық жоспардың жобасын бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаға сәйкес әр саланың дамуын қадағалайтын 11 жұмыс тобы құрылмақ. Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов ұсынған жалпыұлттық жоспар Мемлекет басшысы белгілеген негізгі бағыттар бойынша 143 тармақтан тұрады. Үкімет басшысы Асқар Мамин орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары жоспар іс-шараларының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Үкіметтің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құру екенін атап өтті. Бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінде ұлттық басымдықтар қамтамасыз етіледі және бюджеттен тыс қорлардың қаражатын ескере отырып, «кеңейтілген бюджет» енгізілетін болады. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейту, қолайлы отбасылық-демографиялық жағдайлар жасау, экологияны, білім беру сапасын жақсарту, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы