420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аида Балаева: Мемлекет халықтың үніне құлақ асып отыр

  • 90
  • UPD: 16:10, 12.09.2020

Бүгін мемлекеттік кадрлық резервтегі жастар бас қосып, Президент жолдауының басты аспектілерін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да қатысты. Оның айтуынша, қазір елде жолдауды түсіндіру бойынша көптеген шара өткізіліп жатыр. Республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 5 мыңға тарта материал жарияланған.

Айта кетерлігі, жиын барысында жастар Үкімет өкілдеріне көкейіндегі сұрақтарын қойып, диалог орнатуға мүмкіндік алды. Көбі болашақта қоғам дамуына қатысты заң жобаларын әзірлеуге қатысуға ниет білдірді.

Аида Балаева, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Сарапшылар жолдаудың көп бөлігі бұған дейінгі азаматтардың өтінімдерін ескергенін көрсететінін айтады. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Демек, қоғаммен өзара тығыз қарым-қатынас бар. Мемлекет халықтың үніне құлақ асып отыр. Жолдаудың 11 бағыты да қоғамның сұранысына жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы