425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Президент: Жайылымдық жерлерді кейбір белгілі адамдар иеленіп алған

  • 121
  • UPD: 14:12, 01.09.2021
Президент: Жайылымдық жерлерді кейбір белгілі адамдар иеленіп алған qazaly.kz

Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп жайылым мәселесіне қатысты батыл шаралар қабылдауға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24.

«Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйткілді мәселелер бар екенін көрсетті. Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік. Дегенмен бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек. Жөм-шөп дайындауға қажетті тиісті жер көлемін кеңейткен жөн. Сондай ақ егіс алқабына әр жылы әртүрлі егін бақылау үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн. Жайылымдық жерді тиімді пайдалану да өте маңызды», – деді Президент.

Осы орайда Президент әкімдерге де қатаң ескерту жасады:

«Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету  мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Бұлардың құқықтық мәртебесі және қосалқы мәселер туралы жеке  заңда  көрініс табуы керек. Үкімет бұл заң жобасын қысқа мерзімде әзірлеу тиіс».

Хабар 24 телеарнасы