425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен операциялар кейінге қалып жатыр – Президент

  • 95
  • UPD: 14:59, 01.09.2021
Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен операциялар кейінге қалып жатыр – Президент medcentr.biz

Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

«Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр. Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаға салынбай қалды. Әрине, бұған жол беруге болмайды. Медицина саласына қомақты қаржы құю керек. Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауда және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев.

 

Хабар 24 телеарнасы