423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алауыздыққа жол бергендер жауапқа тартылады – Президент

  • 150
  • UPD: 14:18, 01.09.2021
Алауыздыққа жол бергендер жауапқа тартылады – Президент Ақорда

Тіліне, ұлтына нәсіліне қарап, кемсітуге, біреудің намысыны тиюге жол бергендер заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

«Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы. Қазір Қазақстан мүлдем жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес, қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген сын- қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет. Бірлігіміз – әр алуандықта деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейді», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қоғамдағы бірлік пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақтау керектігін айтты: «Қоғамдағы бірлік пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралықһтың қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматысмыз түсінуі қажет. Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. Тіліне, ұлтына нәсіліне қарап, кемсітуге, біреудің намысыны тиюге жол бермейміз. Заң бойынша жауапқа тартамыз».

 

Хабар 24 телеарнасы