423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Болашағын Қазақстанмен байланыстыратын әр азамат мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс – Қ.Кемелұлы

  • 220
  • UPD: 17:04, 01.09.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік тілдің мәртебесіне тоқталды, деп хабарлайды Хабар 24.

«Қазақ тілін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп екеледі. Бұл – заңды құбылыс. Өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі», – деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын әр ааматтың мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс екенін айтты.

«Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл – отаншылдықтың басты белгісі деуге болады. Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзіын шекара. Орыс тілі БҰҰ-дағы ресим алты тілдің бірі. Сондықтан бұл мәселеге парасатпен қарауымыз қажет», – деп атап өтті Президент.  

Хабар 24 телеарнасы