425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекет суды үнемдеуге көшеді

  • 109
  • UPD: 14:24, 01.09.2021
Мемлекет суды үнемдеуге көшеді YouTube

Үкімет су пайдалануды реттеу және үнемдеу технологиясын әзірлеп, оны үнемі ынтыландыруы қажет.

Президент жолдауында жүктелген тағы бір тапсырма осы. Мемлекет су үнемдеуге көшеді. Ауылдар толық тіршілік нәрімен қамтылады. «Алдағы 5 жылда мемлекет 100 процент ауызсумен қамтылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әлемде де бұл мәселе өзекті болып отыр. Дүние жүзі бойынша тіршілік нәріне тапшылық көп. Судың көлемі 40 процентке азаяды деген болжам айтылып келеді. Сондықтан еліміз республикадағы 126 су арнасын жаңғыртып, жаңа құбырлар салуға кіріседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңа 9 су қоймасы салынады. Бұл ауқымды жоба. Қолымызда қажет ресурс бар. Атырау мен Маңғыстау облыстарының аудандарын ауызсумен қамту үшін Астрахань-Маңғыстау су құбыры жаңғыртылады және Кендірлі кентінде су тұщытатын зауыт салынады.

Хабар 24 телеарнасы