425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Президент 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырды

  • 170
  • UPD: 14:32, 01.09.2021
Президент 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырды uralskweek.kz

2025 жылға қарай елде жаңадан 1 мың мектеп салынуы керек. Әсіресе, ауылдарда толық кешенді білім ошақтары пайда болуы тиіс. Мұндай тапсырманы бүгін мемлекет басшысы жауапты мекеме өкілдеріне халыққа арнаған Жолдауында жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 жыл бұрын республикада 800 мектеп салуды міндеттеген болатын. Бірақ бұл елдегі тапшылық мәселесін шешпейді. Қазір мектептерде әрбір баланы оқу партасымен қамтамасыз етуге қосымша 225 мың орын қажет. 2025 жылы көрсеткіш 1 млнға жетуі мүмкін. Сондықтан Президент алдағы 4 жылда мәселені түбегейлі шешуді тапсырды. Жаңа мектептер құрылысына бюджеттен бөлек, жеке инвесторлардың қаражаты тартылады. Мемлекет басшысы ғылым саласын қаржыландыруға да баса көңіл бөлді. Бұл бағытта қызметкерлердің жалақысы өседі. Әрі гранттық қаржыландыру мерзімі ұзаратын болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ғылымды дамыту біздің міндетіміз. Түйткілдерді шешу үшін жыл соңына дейін жетекші ғалымдарымызға тиісті көлемде жалақы төлеу мәселесін шешу керек. Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн. Бұл ұлттық кеңес отырысында іргелі ғылыммен айналысатын институттарды тікелей қаржыландыруды ұсындым. Құзырлы министрлік осы ережені әзірлеуі керек. Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мәселесін 5 жылға дейін ұзарту керек.

Хабар 24 телеарнасы