423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жолдау-2021: педагогтарды қолдауға көңіл бөлінеді

  • 355
  • UPD: 14:34, 01.09.2021
Жолдау-2021: педагогтарды қолдауға көңіл бөлінеді Tengrinews.kz

Жұмыссыз әрі білімсіз жастар қажетті техникалық мамандықтар бойынша тегін оқытылады.

Бүгінде елде мұндай 270 мыңнан аса жас бар. Сондай-ақ бұдан былай елде халықаралық білім бәйгелерінің жеңімпаздары ЖОО гранты мен бірреттік қаржылай қолдауға ие болады. Оларды баптаған ұстаздарға да моральдық-материалдық көмек көрсетіледі. Жалпы алдағы үш жылда педагог мамандарды дайындауға 1,2 триллион теңге бөлінбек. Президент өз Жолдауында осылай деді. Енді құзырлы министрлік оқу бағдарламасын заман талабына сай бейімдеуі тиіс. Жыл сайын елде мұғалім боламын деушілер қатары артып жатыр. Бірақ былтырғы қашықтан оқыту жүйенің әлсіреуіне алып келген. Білім сапасы ақсады. Сондықтан ұлттық телекоммуникациялық жүйелерді жетілдіру қажет. Елдегі білім қолжетімді және инклюзивті болуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Білім жүйесіне білікті мамандар қажет. Мұғалімдерді қайта оқыту бес жылда бір емес, үш жылда бір жүргізілуі керек. Тек ол мамандар біліктілігін арттыру үшін өз қалтасынан ақша шығармауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы