423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елде бірыңғай ұлттық геологиялық қызмет құрылады

  • 131
  • UPD: 14:45, 01.09.2021
Елде бірыңғай ұлттық геологиялық қызмет құрылады Елорда Инфо

Елімізде бірыңғай ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Ол мемлекеттің қазба-байлығын толыққанды зерттеп, тиісті мәліметтерді отандық инвесторларға ұсынып отырады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Жолдауда президент қазақстандық өнеркәсіптің ең жанды жері – шикізат тапшылығын сөз етті. Жеріміз қазба-байлыққа толы болғанымен, дұрыс игерілмей келеді. Отандық кәсіпорындар шикізат тапшылығына тап болып, кей тауарларды сырттан тасымалдауға мәжбүр. Сондықтан геологиялық қызмет құру жөнінде тапсырма жүктеліп отыр. Бұл мекеме салада монополист болмауы керек. Тек кәсіпорындарға сервистік қызмет көрсетіп отырады. Кейінгі кезде геологиялық барлау жұмыстарының деңгейі төмендеді. Жаңа мекеме қазақстандық инвесторларға бүкпесіз мәлімет ұсынып, шикізатты арзан бағада сатуы тиіс. Көлемі де жеткілікті болғаны маңызды деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бұл мекеме отандық қазба-байлықты игеру саласында монополтист болмауы керек. Нарыққа кімді кіргізіп, кімді шығарарын шешпейді. Бар болғаны инвесторларға сервистік қызмет көрсетіп тұрса жеткілікті. Біздің елдің геология саласы кешенді дамуды қажет етеді. Бұдан былай, инвесторларға қазба-байлықты игеруге толыққанды мүмкіндік жасалады. Бұл мәселе бөлек кабинеттерде, үн-түнсіз жиындарда шешілмеуі тиіс. Олай болған жағдайда жауапты органдар тиісті шара қабылдайды.

Мемлекет басшысы Жолдауда геологиялық жұмыстарды жетілдірудің есебінен бюджет қаржысын толықтыру керектігін де айтты. Кейінгі кезде республикалық қазына ортайып барады. Жыл сайын бюджет тапшылығы туындап, ұлттық қордан трансферт алуға мәжбүр боламыз. Енді мұндайға жол берілмейді. Геологиялық зерттеу арқылы жаңа өндірістер ашылып, қазынаға түсетін қаражат көбейеді.

Хабар 24 телеарнасы