425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

  • 183
  • UPD: 15:05, 01.09.2021
Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді Inbusiness.kz

Елде бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.

«Тұрғын үй – азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека мөлшерлемесі әлі де жоғары және бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы» банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында бір терезе қағидаты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр», – деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы