425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауылшаруашылық саласындағы субсидиялау ашық болуы қажет – Перуашев

  • 82
  • UPD: 18:14, 01.09.2021

Ауылшаруашылық саласындағы субсидиялау тәсілін қайта қарау қажет. Өзекті тапсырмалардың бірі саналатын осы мәселені тұрақтандыру маңызды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай дейді.

Оның айтуынша, салаға бөлінген қаржы шаруаларға жетпей жатыр. Бұл – бұрыннан бар мәселе. Сондықтан субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуы тиіс.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ауылшаруашылықты субсидиялау мәселесі, өкінішке қарай, бұл салада жемқорлық көп. Бюджеттен бөлінетін ақша кәсіпкерлерге, диқандарға ждетпейді. Бұл мәселені көп көтеріп келеміз. Биыдлғы жылы мына жұт, су тапшылығы болғасын мал, бидаймен айынлысатын кәсіпкерлер болсын үлкен проблема бар. Осы тұрғыда субсидияға ерекше мән беруіміз қажет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы