423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ғалымдар қауымын толғандырған түйткіл шешімін таппақ – сарапшы

  • 121
  • UPD: 21:26, 01.09.2021

Мемлекетіміз гүлденсін десек, ғылым саласына жіті көңіл бөлу керек. Президенттің бүгінгі Жолдауында оның нақты тетіктері айтылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі - іргелі зерттеу жүргізетін білім ордаларына грант бөлу мәселесі. Жылдар бойы ғалымдар қауымын толғандырған түйткіл шешімін табатын болды дейді сарапшы.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

– Ғылымда 3 жылда зерттеу жүргізу математика, физика, химия деген сияқты салаларда қиындау. Себебі ол одан ұзақ мерзімді талап етеді. Бес жылға ұзарту деген ұсыныс осыдан пайда болды. Бұл әрі қарай іргелі ұзақ мерзімді зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы