423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жемқорлыққа қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді

  • 147
  • UPD: 22:16, 01.09.2021

Президент өз жолдауында қоғамды жегідей жеп жатқан жемқорлық мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бармақ басты, көз қыстымен күресуге бағытталған ауқымды бағдарлама әзірленеді деді. Сенат депутаттары бұл көптен күттірген шешім екенін айтты.

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Мен өзім құқық қорғау органдарының комитетінен болған соң жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтылған сөзіне басымды идім. Өйткені жылдың аяғына дейін жемқорлыққа қарсы үлкен бағдарлама қабылданатын болды. Әрине, мұның барлығы талқылаудан өтеді деген ойдамын. Сондықтан да айтылған іс-шараларды іске асыру үшін қажетті заңдарға тез арада өзгеріс еңгізу үшін бұл депутаттық корпустың басты мақсаты деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы