423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Н.Нығматулин: Президент айқындап берген кешенді жоспарды сапалы заңдармен қамтамасыз ету керек

  • 130
  • UPD: 19:18, 01.09.2021
Н.Нығматулин: Президент айқындап берген кешенді жоспарды сапалы заңдармен қамтамасыз ету керек parlam.kz

Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында нақты әрі кешенді жоспарды айқындап берді. Енді осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету керек. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысын ашқан Нұрлан Нығматулин осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Палата төрағасы пандемиядан кейін елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға ден қою керектігін айтады. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру және өңірлерді дамытуға баса көңіл бөлінеді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы – Қазақстанның тұрақтылығын сақтай отырып, одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат. Себебі Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсудің нақты қадамдары көрсетілді. Оның ішінде, әсіресе, агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтық дамуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Депутаттық корпустың ендігі мақсаты – осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы