425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекеттік бағдарламалар мерзімін ұзарту бизнеске қолдау болады – Сарапшы

  • 83
  • UPD: 09:15, 02.09.2021

Сарапшылар «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын ұзарту бұл шағын және орта бизнеске көмектесетін дағдарысқа қарсы дұрыс шешім» деп санайды.

Әділ Құсманов, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының кеңесшісі:

- Бұл жалпы кәсіпкерлік субъектілеріне үлкен қолдау болмақ. Сондай-ақ қаражатты өте үнемді жұмсау қажеттігін нақты түсінуіміз керек. Ақшаның кәсіпкерлерге, нарық субъектілеріне қалай жететінін және іріктеудің қалай жүргізілетініне бақылау болуы қажет.

Сондай-ақ Жолдауда Президент 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақының өсетінін айтты. Көп балалы отбасылардың басты мәселесі де осы табыстың төмендігнен туындайды. Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі осылай дейді.

Айгүл Рақышева, отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі:

- Көп балалы отбасылардың басты мәселесі табыстың төмендігінен туындайды. Себебі балаларына инвестиция салуға ақшасы жоқ. Тіпті болашақ шығындарға жұмсауға қаржысы жетпейді. Сондықтан бұл өте уақытылы қолға алынған шара болмақ. Яғни осы арқылы көптеген отандастарымыздың табысы артады деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы