425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызметкерінің еңбекақысын көтерген кәсіпорынға қолдау жасалады 

  • 100
  • UPD: 18:09, 02.09.2021

Микро және шағын кәсіпкерлік саласына еңбекақы төлеу қорынан түстетін салмақты 34-тен 25 процентке азайту еңбек нарығының көлеңкеден шығуына оң ықпал етеді. Ұлттық қоғамдық кеңес мүшесі Айдос Сарым осындай пікірде.

Оның айтуынша, қазір салықтан және өзге де төлемдерден жалтару үшін ауызша келісіп, ақшаны қолма-қол алып жүргендер бар. Үкімет жұмысшыларын заңдастырып, жалақысын көтерген кәсіпорынға қолдау жасайтын болса, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің қатары артады. Президент осы бағытта жүйелі өзгерісті бастады.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Әр адамның ойында заңды орындау, заң талабына бағыну айналып келгенде өзіме тиімді болады деген түсінік болу керек. Кеше Президент бізде көлеңкелі нарықтың 30-40 пайыз екенін айтты. Соның ішінде талай экономикалық резерв жатыр. Бүгінгі күні Президент айтқан шаралар іске асатын болса, онда еңбек берушілерге де тиімді болады. Мен еңбеккерімнің әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, өзім де пайда таба аламын деген түсінік пайда болады. 

Хабар 24 телеарнасы