425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Инклюзивті қоғамда ешкім шет қалмайды

  • 103
  • UPD: 22:05, 02.09.2021

Қоғамның саяси өміріне ерекше қажеттілігі бар адамдар да араласуы керек. Олар үшін арнайы квота бөлінуі тиіс. Президент өз жолдауында осындай ұсыныс көтерді.

Бұл инклюзивті қоғам құру бағытындағы бастама. Ұлттық қоғамдық кеңес мүшесі Марат Башимов осындай пікірде. Оның айтуынша, бұған дейін депутаттар құрамының 30 проценті әйелдер мен жастар болуы тиіс деген ереже болғанымен, іс жүзінде квота сақталған жоқ. Сондықтан бұл норманы заң жүзінде бекіту және квота бөлінетін тізімді кеңейту азаматтық қоғам қалыптастыруға септігін тигізеді.

Марат Башимов, Ұлттық қоғамдық кеңес мүшесі:

– Мүмкіншілігі жоқ азаматтарға өте үлкен көңіл бөлу керек. Қазір оларға мемлекет жағдай жасап жатыр. Бірақ бұл жетістік емес. Өйткені біз оларды саяси, құқық жағынан да қолдайтын заң шығару керекпіз. Барлық жерде оларға көңіл бөліп, сайлау болсын, квота арқылы болсын, көмектесу керекпіз. Президенттің жолдауындағы ең маңызды нәрсе сол. Халықаралық ұйымдарда, БҰҰ-да адамның құқықтарына, соның ішінде осындай кісілерге көңіл бөлу жақсы дамыған. Біз де сол жолмен кетіп бара жатырмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы