423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Президент Премьер-Министрге бірқатар нақты тапсырма берді

  • 102
  • UPD: 20:53, 02.09.2021
Президент Премьер-Министрге бірқатар нақты тапсырма берді

Президент Жолдауындағы барлық бағытты жүзеге асыру үшін 7-ші қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Мемлекет басшысына бекітуге енгізіледі.

Аталған жоспар экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру сапасының тиімділігін арттырады. Және аймақтық саясатты жетілдіреді. Мұны Мемлекет басшысының қабылдауында болған Премьер-Министр айтты.

Асқар Мамин елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде вирустың таралу индексі 1-ден асқан жоқ. Бүгінгі көрсеткіш – 0,87 болып тұр. Жұқпалы аурулар және жансақтау бөлімдеріндегі науқастар саны 40 процентке азайған. Қазір 6 миллион 700 мың адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 5 жарым миллион азамат екпені толық алған.

Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге Жолдауды толық жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі жақсарту үшін Үкімет пен аймақ әкімдерінің үйлесімді әрі тиімді жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы