425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда атом энергетикасы саласының мамандары жетіспейді

  • 132
  • UPD: 20:48, 06.09.2021
Қазақстанда атом энергетикасы саласының мамандары жетіспейді

Елімізде атом энергетикасын дамытуға кадр тапшылығы кедергі. Сондықтан маман даярлау жұмыстарын жетілдіру керек. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуге тапсырма берген болатын. Ал Өскемендегі кадр тапшылығы мәселесі қалай шешіледі?

Қазақстанда атом өнеркәсібі саласындағы мамандар алдағы уақытта ауадай қажет болуы мүмкін. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты Ресей, Қытай елдеріндегі атом электр станцияларын уран таблеткаларымен жабдықтайды. Зауыт жұмысшыларының орта жасы 45 және одан жоғары. Сондықтан бұл жерде білімді де білікті жастарды қуана қарсы алады. Мәселен, биыл мұнда елімізде алғаш рет реакторларға арналған жылу бөлу жиынтықтары өндірісі іске қосылмақ. Ендеше жаңа бағытқа жаңа кадрлар керегі сөзсіз.

Сергей Бежецкий, Үлбі металлургиялық зауытының басқарма төрағасы:

- Бізге атом саласындағы мықты мамандар керегі рас. Дегенмен, мәселені өз күшімізбен шешетін қауқарымыз бар. Мысалы, зауытқа жаңадан келген жас маман бірден жұмысқа кірісіп кетпейді. Алдымен өндіріс ішінде тәжірибе жинақтайтын болады. Станциядағы қызметтің қыр-сырын меңгеру үшін қолдау көрсетеміз.

- Подложите, пожалуйста, контакты и включите инструмент.

Техника ғылымын зерттеп жүрген Тамара Сегеданың мәліметінше, соңғы 10 жылда Қазақстандағы 6 жоғарғы оқу орыны ядролық физикаға қатысы бар 3 мың түлекті дайындап шығарыпты. Ал Өскеменде дәл бүгінгі күні 50 осындай маман білім алып жатыр. Бұл жоғары технологияға тәуелді атом өнеркәсібі үшін тым аз екен.

Тамара Сегеда, техника ғылымдарының кандидаты:

- Әрине өте аз.Е лу маман дегеніңіз не, оның үстіне олар әртарапты бағытта оқып жатыр. Сондықтан бұл көрсеткішті арттыру қажет.

Шынымен де, бір атом электр станциясында кем дегенде 3 немесе 5 мың адам жұмыс істейтінін ескерсек, бұл көлге тамған тамшыдай. МАГАТЭ мәліметтеріне сәйкес, кадр проблемасы болашақта бүкіләлемдік маңызды сұраққа айналуы мүмкін. Өйткені уранға деген сұраныс артады. Халықаралық агенттік есебінше, алдағы 10 жылда дүние жүзінде 160 атом реакторы салынады деп жоспарланған. Қазақстан ядролық отынға кенде емес екенін айта кеткен жөн. Елімізде 50 уран кені бар.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабақанов

Хабар 24 телеарнасы