Президент Жолдауындағы жаңа реформаларды Ұлттық кеңес мүшелері қолдады
Дегенмен бұл бастамаларға ұқыптылық әрі тиянақтылық қажет дейді.
Әсіресе, қауіпсіздікке келгенде жауаптылар ағаттық жібермеуі тиіс.
Максим Рожин, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
– Әлеуметтік желінің өзі онлайн петиция жасауға болады дегенді айтуы мүмкін. Бірақ фейсбукті алсақ, фейк пен боттарға толы. Сондықтан бұл жерде қауіптілік жоғары. Менің ойымша, азаматтардың ойы – қауіпсіздік. Екіншісі, қоғамдық институтқа айналуы үшін көп жұмыс атқарылуы керек және ол ведомствоаралық жұмыс болуы керек.