Елімізде 600 мыңға жуық қызметкердің жалақысы кезең-кезеңмен артады

Өскен өңір

Мәдениет, кітапхана салалары мен көлік жүргізушілері үшін жақсы жаңалық.

2022 жылдан бастап 2025 жыл аралығында мәдениет қызметкерлері мен кітапханшылардың, көлік жүргізушілерінің жалақысы кезең-кезеңмен артады. Яғни шамамен 600 мыңға жуық қызметкердің айлығы жыл сайын 20 процентке артып отырады. Бұл туралы Президенттің жолдауы кезінде айтылды.