Биологиялық қауіпсіздікті болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылады
Елімізде биологиялық қауіпсіздікті болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.
Бұл іс-шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Президент Парламентке осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды тапсырды.
«Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Денсаулық ұлттық жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралмен жабдықтау қажет. Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады.